Қазақстанда 30 мыңнан астам адам қаржы пирамидаларына алданған

«Азаматтардың ақшалай қаражаты мен мүлкін заңсыз иелену мақсатында құрылған қаржы пирамидалары, соңғы жылдары кең таралған қылмыс түріне жатады. Қаржы пирамидаларының көбеюіне жәбірленушілер санының күрт өсуі әсер етті. Ал олардан келген жалпы залалдың мөлшері миллиардтарды құрады. Бүгінде 31 мыңнан астам қазақстандық азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болды. Шығын көлемі 54 млрд теңгеден асып түседі», - деді Санжар Әділов ҚР ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қаржы пирамидалары азаматтарды алдаудың түрлі әдісін қолданады.
«Алаяқтар ойлап тапқан әдістердің көбісі азаматтарды жеңіл ақша табуға шақырады. Соның бірі - инвестиция құю. Яғни, қаржы пирамидалары өздерін нарықта табысты компания ретінде көрсетіп, қызметтерін ұсынады. Және азаматтарды тарту үшін түрлі инвестициялық жобаларды ойлап табады. Сондай-ақ, қаржы пирамидалары шағын қаржылық ұйым ретінде, букмекерлік конторжәне тұтынушылар кооперативінің атын жамылып та жұмыс істейді. Одан бөлек, олардың басты құралы әлеуметтік желі. Яғни, жеңіл әрі онлайн табыс табуға шақырады. Ол үшін мессенджерлердің мүмкіндігін пайланады», - дейді ол.