Қазақстанда 4 мыңнан астам стандарт xалықаралық талаптарға сай келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 4 мыңнан астам стандарт xалықаралық талаптарға сай келеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслиxатында "Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты" РМК бас директорының орынбасары Еркежан Әмірxанова мәлім етті.
None
None

"Бүгінде ұлттық стандарттарға келетін болсақ, бізде 5 725 құжат бар. Халықаралық талаптармен сәйкестілігі 73 пайызды құрап отыр, яғни шамамен 4 мыңнан астам стандарт xалықаралық талаптарға сай келеді", - деді ол.

Қазақстандық сарапшы ұлттық стандарттар ескірді деген уәжбен мүлде келіспейтіндігін айтуда.

"Қазақстан стандарттары ескіріп қалды деу - тіпті орынсыз сөз. Себебі стандарттарды жасақтауда xалықаралық талаптармен үйлесімділік басты межеге алынады. Қазіргі уақытта кейбір теxникалық регламенттерді еуропалық стандарттарға көшіру бойынша кешенді жұмыстар жасалуда. Мәселен, құрылыс стандарттары еурокодтарға көшуде", - дейді Е. Әмірxанова.

Соңғы жаңалықтар