Қазақстанда адам құрбандары бар екі ірі өрт болды - ҚР ТЖМ

АНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - 9 мамыр күні Қазақстанда адам өліміне алып келген екі ірі өрт болды, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі.
None
None

ТЖ жөніндегі министрлікте хабарлағандай, бірінші өрт Павлодардың жекеменшік тұрғын үйлерінің бірінде болды. ҚР ТЖМ мамандарының айтуынша, өрт 40 шаршы метр жерді алып, оны ауыздықтауға 1,5 сағат уақыт кетті.

«Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 10 адам жеке құрамы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖМ.

Осы күні тағы бір ірі өрт Қазақстанның өзге аймағында болды. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы ешкім тұрмайтын ғимарат екі сағат бойына жанды. ҚР ТЖМ хабарлауынша, өрт 100 шаршы метрді алды. Оқиға орнынан 52 және 46 жастағы екі адамның мәйіті табылды.

Соңғы жаңалықтар