17:00, 29 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қазақстанда адамның өмір жасы ұзарды
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда денсаулық сақтауды дамыту шараларының аясында адамның өмір жасы 68,4 жасқа дейін ұзарды, деп хабарлайды pm.kz сайты.
2000 жылы бұл көрсеткіш - 65,5 жас, ал 2005 жылы - 65,9 жас болатын.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі индикаторларының бірі 2015 жылға дейін халықтың күтілетін өмір жасын 70 жасқа жеткізу болып табылады.