Қазақстанда АИ-92 бензинінің жеткілікті қоры бар - В.Школьник

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда АИ-92 бензинінің жеткілікті қоры бар. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Энергетика министрі Владимир Школьник айтты.
None
None

«Бүгін біз өң өтімді АИ-92/93 бензиндері жайында айтатын боламыз. Өздеріңізде білетіндей, біз оны жылына 2 млн. тонна көлемінде өндіреміз, ал қажеттілік жылына 3 млн. тонна. 1 млн. тоннаны біз сырттан әкелеміз»,- деді ол.

Министрдің айтуынша, Ресейде АИ-92 бензинінің 1 литрі 143 теңге болса, біздегі орташа бағасы 125 теңге. Дегенмен, көтермен бағамен сатып алған кезде Қазақстанға біршама тиімді. Сондықтан да еліміз көрші елден бензин тасымалдауда.

«Тамыз айында, тапшылық орын алады деп қорыққан кезімізде біз 74 мың тонна әкелдік, бүгінгі күнге дейін тағы 41 мың тонна алдық. Қазіргі уақытта біздің қорымыз 214 мың тоннаны құрайды. Өткен жылы 94 мың тонна қорымыз болған еді. Яғни, АИ-92 бензинінің қоры жеткілікті», - деді В.Школьник.

Соңғы жаңалықтар