Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласына инвестиция басқа салаларға қарағанда 23 есе төмен - Қ.Айтаханов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласындағы инвестиция басқа салаларға қарағанда 23 есе төмен. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында комиссия мүшесі, сенатор Қуаныш Айтаханов осылай мәлім етті.
None
None

Сенатордың айтуынша, ауыл шаруашылығына тиісті деңгейде дамыту үшін агроөнеркәсіпті дамыту үшін мемлекеттік бағдарлама құру керек. Ал бағдарламада ауыл шаруашылығы техникасын шығарудан бастап, оның өнімдерін өңдеп, дамыту, экспорттау мәселесін қарастыру ләзім. Бұл ретте депутат салаға бағдарламамен қоса тиісті инвестицияның қажеттігін де айтты.

«Түсініксіз жайттар көп әрине. Мәселен, ауыл шаруашылығына басымдық беретін Қазақстан үшін жеңіл көлікті дамыту саласына неге қаржы көп бөлінеді. Бізде керісінше, басты сала ауыл шаруашылығы деп бәріміз айтамыз, ал инвестиция салынып жатқан жоқ, тиісті деңгейде. Бұл саладағы инвестицияның көлемі, басқа салаларға қарағанда 23 есе төмен. Басқа елдермен салыстырғанда да қолдау өте төмен», деді Қ. Айтаханов.

Оның сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығын өркендету үшін «Жайылым туралы», «Қосалқы шаруашылықты дамыту туралы» заңдарды қабылдамай жер реформасын толықтай шешу еш мүмкін емес.

«2005 жылы жеке үй құрылысы үшін кезекке тұрған 95 мың адам болған. Ал он жыл ішінде олардың саны 1 млн 400 мыңға дейін өскен. Осының бәрі жерді жеке меншікке бермеудің салдары. Инфрақұрылым жоқ дейміз, ал оған неге қаражат бөлінбейді», деді Қ. Айтаханов.

Соңғы жаңалықтар