Қазақстанда ауыр салмақты автокөліктерге арналған акция басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ-ның Көлік комитеті 2016 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі мерзімде «Назар аударыңыз, ауыр салмақты автокөлік құралы!» акциясының жүргізілетіні жайлы хабарлайды.
None
None

«Аталған іс-шара шеңберінде ауыр салмақты жүк тасымалына бақылауды әкімшілік полиция, жергілікті атқарушы, сондай-ақ, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен қамтамасыз ету көзделуде. Жазғы кезеңде ауа температурасының көтерілуіне және күн сәулелерінің тікелей әсеріне байланысты жол төсемесі тұтқырлық қасиетін жоғалтады, бұл автомобиль жолдарының тозуына соқтырады. 2016 жылдың басынан бастап көліктік бақылау органдарымен тасымалдаушылардың көліктік заңнама талаптарының сақтамағаны үшін 5600-ден астам бұзушылықтар анықталған, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 38,6 пайызға артық екендігін атап өткен жөн»,-дейді ҚР ИДМ мамандары.

Айта кетейік, аталған шектеулер Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына 1 маусымнан 31 тамыз аралығында  ауаның температурасы 25-тен жоғары болған жағдайда сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аумағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына  1 маусымнан 15 тамызға  дейін, ауаның температурасы 25 градус болған кезде сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін әрекет етеді.

Соңғы жаңалықтар