16:13, 02 Наурыз 2010 | GMT +5
Қазақстанда бала құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Асқар Шәкіров пен БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Ханаа Сингер бүгін Астанада Қзақстанда балалар құқықтарын қорғау және ынталандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,
деп хабарлады Омбудсменнің баспасөз қызметінен.
Меморандум басымдықты бағыттарының бірі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау болып табылатын 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы іс-қимылдарының 2009-2012 жылдарға ұлттық жоспарының баптарын жүзеге асыру аясында жасалып отыр.
Аталмыш құжат бала құқықтарын қамтамасыз ету, осы бағыттағы ұлттық заңнамаларды жетілдіру саласындағы омбудсмен мекемесінің әлеуетін дамытуға бағытталған.