Қазақстанда бизнеске қолайлы жағдай жасалған - DuРont компаниясының вице-президенті
Бүгін бұл туралы әлемдік ғылыми зерттеуде көшбасшы DuPont компаниясының Қазақстандағы қызметіне 5 жыл толуына орай өткен баспасөз мәслихатында компанияның вице-президенті Жан-Люк Дюрами айтты.
«Қазақстан әлемдегі біз үшін басымдылыққа ие нарықтардың бірі. Біз Қазақстанда жұмыс істегелі бері өсу үстіндеміз. Соңғы 5 жылда 4 есе өстік. Жақында жаңа кеңсеге көштік. Бұның өзі Қазақстан нарығында бізге қолайлы екендігінің, бұл елде бизнеске қолалы жағдай жасалғандығын білдіреді. Соңғы жылдары біз әлем нарығына миллиард доллардан астам қаржы салдық. Оның басым бөлігі Қазақстан сияқты даму үстіндегі елдердің еншісіне тиіп отыр», -дейді Жан-Люк Дюрами.
ҚазАқпарат анықтамасы: «DuРont» ғылыми-зерттеу компаниясы компаниясы 1802 жылы құрылған. Әлемнің 70 елінде ауыл шаруашылығы, электроника, коммуникация, қауіпсіздік пен қорғау, құрылыс, көлік саласында түрлі қызметтерді ұсынады. Қазақстанда 10 жылдан астам уақыттан бері қызмет көрсетеді. 2008 жылдан бері ресми түрде өкілдігін ашты. Компания Қазақстанда мұнай-газ, теміржол, тау-кен саласында, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде оның өнімдері шаруа қожалықтарында, «Медеу» спорт кешенін қайта жөндеу жұмыстарына, Батыс Еуропа-Батыс Қытай дәлізі құрылысы сынды негізгі нысандарда пайдаланылуда.