Қазақстанда бизнеске мемлекеттік қолдау алу оңай: мемлекеттік бағдарламаларды түсіне білу керек

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қазақстан мемлекеті отандық кәсіпкерліктің дамуына үлкен қолдау көрсетіп келеді. «Ал оған ие болуы үшін барлық мемлекеттік бағдарламаларды егжей-тегжейлі білсе болғаны және жобаларды жүзеге асыруға көмектесетіндерді табу керек», - деді кеше Өскеменде өткен ОКҚ-ның брифингінде «Өскемен құс фабрикасы» ЖШС басшысының орынбасары Дәурен Құсайынов.
None
None

Инфрақұрылымдық даму жоспарын іске асырудың жолдарын талқылауда көліктік және энергетикалық магистральдарды салу тақырыбы да сөз болды. Бұл өте маңызды стратегия. Инфрақұрылымдық даму жоспары индустрилды дамудың жалғасына айналды. Мемлекеттің даму саясаты құпиясын ел Көшбасшысы жақсы біледі. Тәуелсіздіктің қалыптасу кездерінен-ақ, Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар механизмін құру бастамасын көтерді. Жалпы әлемдік дағдарыстың осы қиын-қыстау кезеңінде қазақстандық ұлт өзінің іскерлік белсенділігін арттыра түсу бұрынғыдай мемлекеттік қолдау базасын сауатты әрі ықыласпен оқып-үйрене білуі тиіс. «Оларды тиімді қолдану керек», - дейді Д.Құсайынов.

Мысал ретінде ол «Бизнестің жол картасы», «Агробизнес-2020», «ДАМУ» қорының бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдауға ие болған «Өскемен құс фабрикасын»» атады. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудағы көмек бизнеске бірден екі жобаны жүзеге асыруға көмектесті. Олар: елде бірінші болып тоңазытылған құс етін өндіру және ең заманауи шұжық өндірісін салу. Субсидиялаудың жалпы сомасы 1 млрд. теңгеден асып кетті. Д.Құсайынов сонымен бірге, компания ел экономикасына тағы 200 млн. АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Осылайша, олар елде тағы екі құс фабрикасын, құрама жем зауытын салып, асыл тұқымды құс өсіруді қолға алмақ.

Өздерінің осыған дейінгі және болашақтағы кәсіпорындарын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін компания Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетпен өзінің өндірістік алаңында ветеринарлық факультет студенттерінің тәжірибеден өтуі үшін өндірістік база құру туралы келісімшарт жасасты.

Соңғы жаңалықтар