Қазақстанда болуы ықтимал Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты пікір айту міндетті емес деп санаймын - ЕҚЫҰ-ның Жоғарғы комиссары К.Воллебек

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елімізде сапармен жүрген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебек Қазақстанда болуы ықтимал Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты өзінің белгілі бір пікірі болуы міндетті емес деген пікірде.
None
None

Бұл туралы ол бүгін Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен болған кездесуінен соң журналистерге берген сұхбатында айтты.

Халықаралық ұйым өкілінің пайымдауынша, сайлау өткізу де, оған қатысу да, әрине, маңызды. «Алайда сайлауды ұйымдастыру мерзіміне қатысты мен ештеңе айта алмаймын. Біз тек заң шығарушы билікке болашақта келетін азаматтармен өзіміздің саламыз бойынша тығыз қарым-қатынаста сәтті жұмыс істей алсақ деген ойдамыз», - деді К.Воллебек.

Соңғы жаңалықтар