Қазақстанда ең қауіпті жолдардың рейтингісі жасалды - БАҚ

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары аумағы арқылы өтетін жолдар 2011 жылғы республикалық және халықаралық маңызды жолдардың ішіндегі ең қауіптілері, деп аталды.
None
None

Бұл туралы News.mail.ru хабарлайды.

Алматы облысының республикалық және халықаралық жолдарында жыл ішінде барлығы 634 жол-көлік оқиғалары тіркелді, оларда 310 адам қаза болды және 717-сі зардап шекті. Осындай қауіпті жолдардың бірі - Алматы-Қапшағай жолы.

Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін жолдарда 2011 жылы 235 жол-көлік оқиғасы болды, оларда 127 адам мерт болып, 355-і зардап шекті.

Үшінші орында Қарағанды облысы аумағынан өтетін жолдар тұр. Мұнда 186 жол-көлік оқиғасы болып, 95 адам қаза болды, 262-сі зардап шекті.

Ақмола облысының жолдарында 2011 жылы 179 жол-көлік оқиғасы болды, оларда 75 адам қазаға ұшырап, 270-і зардап шекті.

Шығыс Қазақстан облысында 173 жол-көлік оқиғасы орын алды, оларда 79 адам мерт болып, 249-ы зардап шекті.

Республикалық және халықаралық маңыздағы ең қауіпті жолдар тізіімін Жамбыл облысынан өтетін жолдар тұйықтайды. Мұнда 2011 жылы 151 жол-көлік оқиғасы болып, 122 адам мерт болды, 173-і зардап шекті.  

Соңғы жаңалықтар