Қазақстанда «Эрмитаж күндері» тұрақты өтіп тұратын болады
Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Эрмитаж күндері» кеше, 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күнінің аясында басталған болатын. Оның аясында Қазақстанға ғылыми реставрация, ғылыми-ағартушылық жұмыстары, музей экспонаттарын сақтау мен қорғау бойынша музей ісінің мықты мамандарынан құралған делегация келіп отыр.
Жалпы, екі күнге жалғасатын Астанадағы Эрмитаж күндері Мемлекеттік Эрмитаж бен ҚР Ұлттық музейінің арасындағы бірлескен ынтымақтастық шартын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған. Эрмитаж күндерінің аясында Ұлттық музейде лекциялар, семинарлар, музей қызметкерлерінің өзара кездесуі, сондай-ақ, Эрмитаж туралы виртуалды көрме сияқты халықаралық жоба аясында музей салаларын дамыту мəселелері талқыланады.
«Қазақстанда қолға алынған ауқымды жобаның ҚР Тұңғыш Президентінің күнінде өткізілуі біздің іске ерекше маңыз бергені анық. Біз кеше Қазақстан Президенімен кездескенде бұл шараны тұрақты түрде, жылына екі мәрте өткізіп тұруға келістік», - деді Михаил Пиотровский.