Қазақстанда «Есеп палатасы туралы» заңды қабылдаудың уақыты келді - РФ Есеп палатасының төрағасы С. Степашин
Сондықтан «ҚР Есеп палатасы туралы» заңды қабылдаудың уақыты келді. Бүгін Астанада өтіп жатқан Жоғары қаржы бақылау органдары Халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ) маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысында аталмыш топтың төрағасы, РФ Есеп палатасының басшысы Сергей Степашин осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің білуімше, қазіргі кезде Қазақстанда «Есеп палатасы туралы» заң аясында көптеген пікір-таластар туындауда. Осы орайда мен өзімнің әріптесім Омархан Өксікбаев мырзаны қолдаймын. Сіздерге ондай заң аса қажет. Бұған дейін мен Нұрсұлтан Әбішұлымен кездескен кезде де, ол кісі бұл мәселеге үлкен қызығушылық білдірген еді», дейді С. Степашин.
РФ Есеп палатасының басшысы атап көрсеткендей, бүгінгі таңда Ресейде «Есеп палатасы туралы» заң қабылданып, аталған мемлекеттік органның нақты мақсат-міндеттері анықталған.