Қазақстанда Индустрияландыру картасының аясында 10 трлн. теңгенің 600-ден астам жобасы жүзеге асырылуда - Н.Назарбаев

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Индустрияландыру картасының аясында елімізде жалпы құны  10 трлн. теңгені құрайтын 600-ден астам жоба жүзеге асырылуда.
None
None

Бұл туралы бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Индустрияландыру картасының аясында жалпы құны  10 трлн. теңгені құрайтын 600-ден астам жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл біздің жастарымыз үшін 370 мың жаңа жұмыс орнын береді деген сөз», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының сөзіне қарағанда, аталған жобалар іске қосылғаннан кейін сыртқы нарыққа тауар шығаруға қабілетті кәсіпорындарға айналады. Онда жұмыс істейтін адамдардың мамандығы қатардағы қарапайым жұмысшы емес, білдей инженермен бірдей болмақ.

«Қазақстан бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіреді деген бастама қойдым. Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметтеріне жүгінсек, соңғы бір жылдың ішінде 21 сатыға көтеріліп, 51 орынға шықтық. Жаңағы мақсатқа жетуге 1 ғана саты қалды», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар