Қазақстанда кәсіподақтар салалар бойынша жүйелендіріледі

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәсіподақ бірлестіктері туралы заңнаманы қайта қарау барысында кәсіподақтар салалар бойынша жүйелендіріледі,
None
None

деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Кәсіподақтар туралы заңды қайта қарау керек деп санаймыз. Әзірге жұмыс тобында ұсыныс-кеңестер әзірленуде. Негізін айтар болсақ, біз ең алдымен барлық жұмыс  негізделетін салалық кәсіподақтарға үлкен мән беруіміз керек»,- деп атап көрсетті вице-министр.

Салалық кәсіподақ бүкіл сала үшін жауапкершілікті мойнына алып, барлық жұмысшылардың құқықтарын қорғауы, сондай-ақ еңбекшілердің құқықтық сауатын арттыруға атсалысуы тиіс.

«Біз бүгінгі таңда кәсіподақтар құрудың ретін регламенттеуіміз керек. Кәсіподақтар ретсіз құрыла салмауы керек, бұл жұмыс жүйелі жүргізілуі тиіс»,- деді Б.Нұрымбетов өз сөзінде.

Вице-министр сондай-ақ, кәсіподақтардың еңбек заңнамасы мәселелерінде сауаттырақ болуы керектігін айтты, себебі еңбек дау-дамайлары туындаған жағдайда о бастан олардың алдын алу дәл солардың құзырлықтарына  тәуелді болады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында көрсетілген тапсырмаларына сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіптік одақтар туралы заңнамаларға талдау жасауда.

Соңғы жаңалықтар