Қазақстанда қазіргі таңда Кипр капиталының қатысуымен 250 бірлескен кәсіпорын тіркелген

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда қазіргі таңда Кипр капиталының қатысуымен көтерме сауда, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс және қаржы саласында 250 компания тіркелген.
None
None

Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан „Кипр: халықаралық іскерлік және қаржы орталығы. Кипр мен Қазақстан арасындағы ынтымақтасудың келешегі" деп аталатын бизнес-форумда айтылды.

„Кипрдің сауда, өнеркәсіп және туризм министрі Пасхалидис Антонис бұған дейін елімізде 2009 жылы қазан айында БҰҰ-ның Бүкіләлемдік туристік ұйымының 18-ші бас ассамблеясына қатысу үшін келген болатын. Бұл кездесу Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде жүзеге асып отыр. Ал Қазақстан төрағалығы бойынша Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кездесу 2008 жылы желтоқсанда болды. Ол екіжақты сұхбатты жандандырды", дейді Алматы қаласындағы ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің басшысы Бақыт Оспанов. Оның айтуынша, биыл шілде айында ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне Кипрдің Сыртқы істер министрі келді. Енді желтоқсанның 1-2-сі күндері Астанада болатын ЕҚЫҰ мүше-мемлекет басшыларының Саммитіне Кипр елінің президенті келеді деп жоспарлануда.

„Қазақстан мен Кипр арасанда фармацевтика мен туристік бағыттарда зор мүмкіндер бар. Екіжақты ынтымақтастықтың маңызы экономика, ғылым, техника, агроөнеркәсіп кешені сияқты бағыттардағы қарым-қатынасты тереңдетуге құқықтық базаны нығайту", дейді Бақыт Сағындықұлы.

Соңғы жаңалықтар