18:55, 26 Мамыр 2016 | GMT +5
Қазақстанда LADA көлігінің төрт моделі шығарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы көлік шығару зауыты LADA-ның төрт моделін шығарады, бұған дейін кәсіпорында тек қана бір модель құрастырылды, деп хабарлады «АвтоВАЗ» ААҚ-ның баспасөз қызметіне сілтемемен ria.ru.

«Мор мырза (АвтоВАЗ президенті - ред.) Өскеменде алдағы апталарда өндіріп отырған автомобильдердің модельдік әр түрлілігін кеңейтетін «АЗИЯ АВТО» көлік құрастыру зауытының жұмысымен танысып өтті. Енді LADA 4x4 көлігінің топтамасына Granta, Kalina және Priora қосылады», - делінген хабарламада.