Қазақстанда макарон өнімдерін экспорттау алғаш рет оның импортынан асып түсті

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылы соңғы бес жылда алғаш рет, Қазақстан макарон өнімдерінің нетто-экспорттаушы еліне айналды.
None
None

Макаронды экспорттау көлемі елге сырттан әкелінетін дәл осы өнім көлемінен асты. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, өткен жылы Қазақстан шетелге макарон өнімдерін 2,7 млн. АҚШ долларына сатса, ал оның импорты 2,1 млн. АҚШ долларын аспаған. Салыстырмалы түрде қарастырсақ, 2009 жылы осы өнім экспорты 1,6 млн. АҚШ долларын құраған болатын.

Аталған мәліметтер «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі жүргізген Қазақстанның 2008-2010 жылдардағы сыртқы саудасына талдаудың нәтижесінде белгілі болыпты. Зерттеуге сәйкес, қазақстандық азық-түлік экспорты 2009 жылы 1,6 млрд. АҚШ долларына бағаланса, 2010 жылы - 2 млрд. АҚШ долларын құраған. Негізгі өсім бидай мен ұнды дамушы елдер мен ТМД елдеріне жеткізу есебінен орын алған. Қазақстан экспорттайтын азық-түлік тауарларының санатына сондай-ақ арпа, балық сүбесі, алкогольсіз сусындар, күріш, қант, күнбағыс майы және көкөніс пен жеміс-жидектердің кейбір түрлері жатады. «Тұтынуға дайын тағам өнімдерінің экспорттық көлемі мардымсыз. Мұның негізгі себебі қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігінің әлсіздігінде, атап айтқанда, техникалық сипаттар бойынша, сертификаттау нормаларына сәйкессіздік (HACCP, ISO2000, IFS), еңбек өнімділігі мен орау деңгейінің жеткіліксіздігінде жатыр», - дейді KAZNEX INVEST басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Мәйкенов.

Соңғы жаңалықтар