Қазақстанда машина жасауды дамытып, қорғаныс және экспорт өнеркәсібіне қолдау көрсету қажет - К.Мәсімов

«Біз машина жасауды жалпы ағынмен дамыта алмаймыз. Егер біз жалпылама дамытатын болсақ, онда ештеңе де шықпайды. Біз машина жасауды біздің өнеркәсібімізді, ең алдымен эспортқа сұранысқа ие және қорғаныс өнеркәсібін қолдауға бағыттауымыз қажет», - деді ҚР Премьері.
Оның айтуынша, күш-қуат құрылымдарының бюджетінде, ең алдымен, біздің өз қорғаныс өнеркәсібімізді қолдау үшін тапсырыстар мәселесін қою қажет.
«Біздің қандайда бір күш-қуат ведомствомыз бюджеттен қаржы сұрайды, содан кейін бұл қаржыны өздерінің ішкі шаруаларын шешуге жұмсайды, сөйтіп, су аяғы құрдымға жоғалады. Сондықтан да бюджет жүйесін өзгерту қажет. Міне, бұл мәселемен біздің бәріміз бірге айналысамыз, мүмкін 2010 жылдың бюджетін нақтылау кезінде ескеру қажет шығар», - деді Премьер, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановқа қарата айтқан сөзінде.