Қазақстанда мемлекеттік қазақ тілін дамытумен қатар, барлық халықтың тілдеріне қамқорлық көрсетілуде

ДЫҚОРҒАН. Қазанның 27-сі.  ҚазАқпарат /Сандуғаш  Дүйсенова/ -    Біздің  республикамызда   мемлекеттік  қазақ тілін дамытумен  қатар,    барлық  басқа  халықтың  тілдеріне  қамқорлық көрсетілуде.
None
None

 Бұл туралы   Алматы  облысының    Қазақстан  халқы ассамблеясы төрағасының  орынбасары Ғабит  Тұрсынбай  мәлім  етті.

Оның айтуынша,    ЕҚЫҰ  институттарының  зерттеу  қорытындылары  бойынша,  Қазақстанның  тілдік  саясаты   посткеңестің   кеңістіктегі ең  жылы шырайлы   саясат  деп  танылып  отыр.     Құқықтық кепілдіктер мен   барлық тілдерге  деген    құрмет    кез-келген этностың       дамуының   ажырамас  құқығы  болып табылады.  Тіл саясатына  деген  бұл қамқорлық  -     Елбасының    еңбегі.   Ұлттар  мен  конфессиялардың арасындағы   біздегідей  қарым-қатынас  әлемнің еш елінде  жоқ,   сондықтан    да  осы  мәселе  бойынша Қазақстан    өзгелерге үлгі  болып  және  ЕҚЫҰ-ға төрағалық  ету  құқығына ие  болып  отыр.

«Алматы  облысының  өзін  мысалға алайықшы.  Бізде   қазір 46  ұлттық мектеп бар,  оларда  бірінші сыныптардан бастап  әр халықтың ата  тілі  оқытылады.    Достық үйінде    түрлі    мәдениет орталықтарының    өкілдері  қазақ тілін үйренуде. Оған қоса  біз  шешен,   корей,   күрд,   түрік  тілдерін  үйрену  кабинеттерін  ұйымдастырдық.   Бізде сондай-ақ,  корей,  ұйғыр, қазақ,  орыс,  неміс  және өзбек   халықтарының көркемөнерпаз ұйымдары жұмыс істейді.    Әр мәдени орталықтың  өз  ұлттық газеті  тағы бар»,  дейді  Ғабит Тұрсынбай.

Соңғы жаңалықтар