10:46, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларына «Хиляль Банк» АҚ-ның қатысу мүмкіндігі талқыланды
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Болат Смағұлов Қазақстандағы «Хиляль Банк» акционерлік қоғамы
басқармасының төрағасы Прасад Абрахоммен кездесті, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Б.Смағұлов П.Абрахом мырзаны қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы мен ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытудың 2014 жылға дейінгі тұжырымдамасымен таныстырды.
Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларына «Хиляль Банк» АҚ-ның қатысу мүмкіндігі де талқыланды.
Тараптар тығыз және табысты ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға келісті.