Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтарын өңдеу жөніндегі біртұтас орталық құрылады

ӨСКЕМЕН. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қазақстанда «өндірістердің тарихи қалдықтарын» өңдеу үшін республикалық орталық құру жоспарлануда.
None
None

Осы мақсатта «2010-2014 жылдарға арналған Жасыл-Даму» мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленіп отыр. Бұл туралы Өскеменде өткен кеңесте Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Сағымбек Мұташев мәлім етті.

«Бұл орталықтар арқылы біз бірыңғай кадастр құру мәселесімен жүйелі айналысқымыз, ондай өндірістердің қайда орналасқандарын анықтап және жылдар бойы қордаланып келе жатқан қалдықтарды өңдейтін орталық құрғымыз келеді. Ал қондырғыларды шығару жөніндегі жұмыстар басталып кетті», - деп атап көрсетті Сағымбек Мұташев.

Бүгінде республика аумағында өнеркәсіптік өндірістердің шамамен 26 миллиард тоннадай қалдықтары қордаланып қалған, олардың қатарында уыттылықтың бірінші тобына жататын аса қауіпті улы заттардың қалдықтары да бар», - деп атап көрсетті өз сөзінде экологиялық комитеттің басшысы.

Кеңесте Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының табиғатты пайдалану мәселелеріне арналған көшпелі кеңестің жұмысына екі аймақтағы зауыттардың басшылары және Сенат депутаты Сергей Плотников қатысуда.

Соңғы жаңалықтар