Қазақстанда оралмандар мемлекеттен арендалық баспана алатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек күшіне зәру өңірлерге қоныстанған оралмандар мемлекеттен арендалық үйлер алатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі
None
None

Тамара Дүйсенова мәлім етті. «Біз еңбек ресурстары бойынша тапшылық көріп отырған аймақтарды анықтайтын боламыз. Сондай өңiрлерде тұруға ниет танытқан қандастарға ҚР Үкiметi әлеуметтiк пакеттер ұсынады. Оның iшiнде жолға кеткен шығын өтелiп, қосымша қызметтік пәтерлер беріледі», - деді Т.Дүйсенова.

Оның айтуынша, оралмандар бұл пәтерлерді бес жылдың iшiнде өздерiнiң меншiгiне аудара алады.

«Арендалық негізде алынған қызметтік пәтерлерді олар 5 жыл көлемінде өтеп, өз аттарына жекешелендіруге қол жеткізеді», - деп атап өтті министр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум