08:33, 16 Тамыз 2021 | GMT +5
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 25 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 98 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталды және аталмыш дерттен 25 адам қайтыс болды,деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ өткен тәулікте 31 адам коронавирус пневмониясына жазылды.
2020 жылдың 13 наурызынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясымен 65765 адам ауырып, 4073 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандар саны 56935 адамды құрап отыр.