Қазақстанда полицейлер іздеуде жүрген 150 қылмыскерді ұстады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полицейлер іздеуде жүрген 150 қылмыскерді ұстады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ресми өкіл жеті күндік «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталғанын жеткізді.

«Осы орайда аталған мерзімде «ізін суытпай» 2 330 қылмыс, сондай-ақ ертеректе жасалған 584 қылмыстың беті ашылды. Іздеуде болған 150 қылмыскер ұсталды», - деді Нұрділдә Ораз апталық онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, тыйым салынған заттар мен қару-жарақты анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шарасы өткізілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бір апта ішінде ел аумағында 3 012 қылмыс тіркелді, оның 2 040-ы тәулік ішінде ашылды.



Соңғы жаңалықтар