Қазақстанда су ресурстарын басқару саласына арналған оқу бағдарламасы әзірленеді

АЛМАТЫ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстанда су ресурстарын басқару саласына арналған оқу бағдарламасы әзірленеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-да басталған Европалық одақ пен Орталық Азия елдеріндегі «Су ресурстарын басқару» магистрлік бағдарламасын жасау мен енгізу жөніндегі «Tempus IV Swan» халықаралық оқу жобасын басқару координациялық кеңесінің отырысында айтылды.

Испанияның Аликанте университетінің өкілі Аяди Низардың айтуынша, Орталық Азияның әрбір елін су ресурстары саласында үлкен қиындыққа тап болуда. «Билік тарапынан жасалған ауқымды шараларға қарамастан бұл аймақтағы елдерде су ресурстарын басқаруды ұзақ мерізімді жоспарлау мен басқару жоқ. Менің ойымша, Орталық Азиялық мемлекеттерге бұл мәселені шешу қажет, әріптестіктің өте қажет екендігі айқын көрініп тұр»,- деді А.Низар.

Ол бұл мәселені шешу бойынша білім жобасы іске қосылғандығын атап өтті. Бұл білім жобасы Европалық одақ пен Орталық Азия елдері арасында білім алмасуды жүзеге асырмақ.

ҚазҰТУ ректоры Жексенбек Әділовтың айтуынша, су ресурстарын басқару Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін өте маңызды мәселе. «Осы кеңесті өткізу барысында біз жобаның су ресурстарын басқару бойынша білім жобаларын жасау мен енгізу туралы негізгі мақсатына жақындаймыз. Бұл арқылы біз бұл саладағы жоғары білім мен менеджментті меңгерген жаңа мамандарды тәрбиелей аламыз»,- деді Ж.Әділов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум