Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын 15 заң қабылданады - Б.Байбек

«Алдағы жылдар ішінде елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын 15 заң жобасын қабылдау көзделіп, жұмыс нәтижесі дамыған 30 елдің көрсеткіштеріне негізделген халықаралық 5 критерий бойынша сараланатын болады», - деді Б.Байбек.
Сонымен қатар ол еліміздің ең беделді саяси партиялары мен үкіметтік емес ұйымдары топтасқан Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы бүгіндері Парламент пен Мәслихат депутаттары, тиісті органдар жұмыла кірісіп жатқан мемлекет қаражатын бақылау ісіне ашықтық пен жариялылық негізінде еліміздің барлық белсенді күштерін жұмылдыра алатын алаң болуы тиістігіне баса назар аударды.
«Оған коалицияның әлеуеті, беделі мен мүмкіндігі жетеді. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ойдағыдай іске асырып, еліміздің биік белестерді бағындыруына жағдай жасау, қажетті қоғамдық бақылаудың нәтижелі болуы коалиция мүшелері, біздердің барлығымызға үлкен жауапкершілік жүктейді», - деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.
Оның атап өтуінше, қашанда ынтымағымен, бірлігімен ерекшеленетін Қазақстан үшін «Нұрлы жол» - тәуелсіздік пен тұтастықты барынша нығайта, түсіп, дамудың даңғылына түсірер жол болмақ.