Қазақстанда түрлі халықтар мен этностар бірлігінің бай тәжірибесі қалыптасқан - Корей музыкалық театрының директоры Любовь Ни

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстанда түрлі халықтар мен этностардың және тілдердің татулық пен бейбітшілікте өмір сүруге бағытталған өте бай тәжірибесі орныққан.
None
None

Бұл елде этникалық топ өкілдері жергілікті азаматтармен бірдей құқықтарға ие. Біздің ұранымыз әралуандылықтан - бірлікке», деді Корей музыкалық театрының директоры Любовь Ни

бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесуі барысында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Театр басшысының айуынша, қазақ елінде 50-дан астам мемлекеттік театр бар. Олардың төртеуі ұлттық театр. «Ол корей, неміс, ұйғыр және өзбек театрлары. Тарихта қалыптасқан мұндай үрдіс өзге ұлт өкілдерінің қазақ еліне, оның Президентіне үлкен құрметпен қарауына ықпал етіп отыр. Өйткені осы елді біздің ұлттық құндылықтарымыздың сақталуына қажетті жағдайдың барлығы жасалып отыр», деді директор.

Оның пікірінше, елімізде осындай игіліктерді қалыптасыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы зор рөл атқарады. Себебі бұл барлық Қазақстан азаматтарын ұлттық немесе басқа да белгілеріне қарамастан бір тудың астына біріктіріп отырған институт. «Аталмыш ұйым тек азаматтарды ғана емес, зиялы қауым өкілдерін де ұйыстырып отыр. Бүгін Ассамблея өкілдері келісіп, осы ұйымның жанынан Қазақстандағы ұлттардың «Самұрық» театрын ашқалы отыр.

Бұл біздің осы елде қалай өмір сүріп, қандай тіршілік кешіп отырғанымызды көрсетететін үлкен мүмкіндік», деді Любовь Ни.

Соңғы жаңалықтар