Қазақстанда Windows операциялық жүйелерінің қазақ тілді нұсқаларына деген сұраныс 1 пайызға да жетпейді

nbsp;АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстанда Windows операциялық жүйелерінің және MS Office редакторының қазақ тілді нұсқаларына деген сұраныс 1 пайызға да жетпейді. Бұл туралы бүгін журналистерге Қазақстандағы Windows компаниясының бас директоры Гюнтер Дам мәлім етті.
None
None

Microsoft-тың операциялық өнімдері саналатын Windows, Office и Share Point қазақ тіліне аударылған болатын. Дегенмен, өкінішке қарай, ол өнімдерге сұраныстың тым аз екендігін мойындауымыз керек», деді «Білім берудегі инновация» атты халықаралық форум барысында компания басшысы Г. Дам.

Компанияның жұртшылықпен байланыс бөлімінің бастығы Елена Арышеваның агенттік журналисіне атап көрсеткеніндей, Windows бағдарламасына арналған тілдік пакетті интернеттен көшіріп алуға болады. Ол барлық интерфейсті қазақ тілінде орнатуға септеседі. Microsoft Office лицензиялық бағдарламасы сатылымда бар. Осы екі өнімнің интернеттен көшіріп алу және сатып алу көрсеткіштерін сараласақ, оларға деген сұраныстың 1 пайыздан да кем екендігін көруге болады, деді Е. Арышева.

Соңғы жаңалықтар