Қазақстанда заңсыз тексерулерге қатысты 14 862 жеке кәсіпкер шағымданған

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда 14 862 жеке кәсіпкер мемлекеттік органдар тарапынан болатын заңсыз тексерулерге шағымданған.
None
None

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік органдар тарапынан болатын заңсыз тексерулердің жолын кесуге «Бизнес тірегі» порталының тиімді іске асырылуы арқылы қол жеткізілуде.

«Жобаны енгізгеннен бері Комитеттің электронды порталына 14 862 жеке кәсіпкер жүгінген, олардың 5 104-і осы жылы өтініш білдірген, 2 150-ден астам ақпараттық СМС-хабарлама түскен. Биыл келіп түскен хабарламалардың жалпы санынан 80% жағдайда бұзушылық деректері расталып, олар бойынша тиісті прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданды», - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар