15:50, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке - Отан қорғаушы күні пайда болды
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы 7 мамыр - Отан қорғаушы күні ретінде атап өтілетін жаңа мемлекеттік мерекені белгілейтін «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға толықтыру енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.