ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Алматы маңындағы бояу зауытында 20-дан астам өнім түрі шығарылады (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Финляндиялық «Tikkurila» компаниясы Алматы маңындағы бояу және лак шығаратын зауыттың құрылысына бір миллион доллардан астам инвестиция жұмсады. Өйткені, компания басшылығының айтуынша, олар Қазақстан экономикасының тұрақты деңгейде дамитындығына сенеді. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне «Tikkurila» Орталық Азия компаниясының бас директоры Антон Пешков мәлім етті.
None
None

Жылына 2 млн. литрден астам бояу және лак шығара алатын зауыт биыл 15 сәуірде Алматы облысының Қарасай ауданында іске қосылған.

«Бұл ТМД ғана емес, бүкіл әлем бойынша бірегей өндіріс. Мұнда Еуропаның әр түрлі елдерінен жеткізілген замануи қондырғылар жұмыс істейді және барлық экологиялық стандарттарға жауап береді. Зауыт 2,5 мың шаршы метр жерге орналасқан және өндірістік қуаттылығын төрт есеге дейін арттыруға болатындай етіліп жобаланған. Сондай-ақ зауыт аумағында өнімдерді сараптайтын зертхана жұмыс істейді», - деді А.Пешков.

Оның айтуынша, осы өндірісті қолға алмай тұрып, Қазақстан нарығына қатысты мұқият маркетингтік зерттеу жұмыстары жүргізіліпті. Бүгінгі таңда зауытта лак және бояу өнімдерінің 20-дан астам түрі шығарылады.

«Біз өнімдердің көлемін сұранысқа байланысты өзгертіп отырамыз. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша өнімдеріміз 56 дүкенде сатылады. Одан басқа, біздің өнімдер көрші елдерде де сұранысқа ие болып отыр Сондай-ақ біз ірі мемлекеттік жобаларға қатысып тұрамыз. Қазір қысқы Универсиада нысандары бойынша ынтымақтастық орнату бағытында жұмыстар жүргізілуде», - деді зауыт басшысы.

Қазір зауыт өндірісінде 20 адам жұмыс істейді. Олар финдік әріптестерімен бірге тұрақты түрде аттестациядан өтіп тұрады. Зауытта еңбек етуге қолайлы жағдай жасалған. Өз сөзінде А.Пешков мемлекеттің салиқалы саясатының арқасында ірі инвесторларға қолайлы жағдай туғызылғандығын атап көрсетті.

«Қазақстанда заңнамалық база өте ашық және әкімшілік сипатта ешқандай кедергілер жоқ. Сондықтан «Tikkurila» Қазақстанды таңдады. Бұдан басқа, біз Қазақстаның жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізетіндігін қызу қолдаймыз. Өйткені оған біздің де ұсынар өнімдеріміз бар. Қоршаған ортаға зиын келтірмеу және тұрақты түрде жаңа технологияларды ендіру саясатын ұстанамыз. Қазақстан Президетінің Жолдауында экономиканың нақты секторларына көп мән берілді. Бұл біздің көңілімзге болашаққа деген сенім ұялатады», - деді А.Пешков.

Соңғы жаңалықтар