Қазақстанда жасалған: Алматы облысында құрғатылған азық шығаратын зауыттың өнім көлемі артып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар ауданындағы «Казкорм» компаниясы мемлекет қолдауына ие болды. Бұл серіктестік ит, мысық, балықтарға арнап түйіршіктелген құрғақ азық шығарады.
None
None

Еліміздегі бірегей өндіріс орындарының бірі ретінде саналатын зауыт шетелдік технология бойынша жұмыс істейді. Айта кетейік, өнімнің тоқсан бес пайызы отандық шикізаттан жасалынған. Сапасы барлық талапқа сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, шетелдікінен ешбір кем емес. Бағасы да қолжетімді. Өндіріс ошағы бүгінде мемлекет қолдауымен жаңа сатыға көтеріле бастады. Голландия елінің сарапшысы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы негізінде сапаны жақсарту бойынша өндірісті бір жүйеге келтіруге көмек қолын созған.

Серіктестік басшысының орынбасары Арман Ракишевтің айтуынша, елде алғаш рет құрылған мұндай кәсіпорын тәжірибелі мамандарды қажет ететін көрінеді. Осы орайда, «Даму» қорының іске асыруымен «Аға сеньерлар» жобасы аясында шет елден мамандар тартуға мүмкіндік алған. Мамандардың пікірінше, өндірісте шығары­латын өнімдер жануарлар ағзасына пайдалы екен. Өйткені онда тағамдық құндылық барынша сақталып, құрамындағы дәрумендер мен минералдар жоғалмайды. Өнім Қазақстан нарқына «Аквакорм» тауар белгісімен шығарыла бастады. Қазіргі кезде Алматы қаласы мен елдің басқа да аумақтарына таралуда. Биыл өнім көлемін мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр, деп жазады «Жетісу» газеті.

Соңғы жаңалықтар