ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Қаратау қаласындағы зауыт натрий цианидінің алғашқы 50 тоннасын шығарды (ФОТО)
ҮИИДМБ-ның цианды натрийді шығару бойынша өндірісі 2014 жылдың маусым айында енгізілді. Жобалық қуаттылығы - жылына 15 тонна өнім. 490-нан астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылған.
Кәсіпорын жылдық өндірістік қуаттылыққа 2017 жылы өтуге жоспарланып отыр, одан кейін зауытта 500-ге жуық адам жұмылдырылады.
«Бұл - өте күрделі және қауіпті өндіріс. Нөмір бірінші қауіпсіздік категориясы. Іске қосу-реттеу жұмыстары күрделі және ұзақ, сондықтан кәсіпорынның ашылуынан оның жұмысын іске қосқанша осыншама ұзақ уақыт кетеді», - деп баяндады ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқарманың басшысы Алмас Мәдиев.
Бүгін Қаратау зауыты алғашқы тәуліктік өнімі - 50 тонна натрий цианидін шығарды.
Бағасы қымбат импортталатын өнім - көбіне алтын өндіру өнеркәсібінде қолданылатын натрий цианидін өндіру жобасының 60 пайызын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы «Қазақстан даму банкі» АҚ қаржыландырды. Инвестициялық жобаның жалпы құны - 12,9 млрд. теңге.
Натрий цианидін өндіру процесінде де жанама өнім - аммоний сульфатының шығарылуы жоспарланып отыр. Жылына 5 мың тоннаға дейін өнім шығарылып, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне сатылады.
2020 жылға қарай Жамбыл облысында жоспарланып отырған химия өнімдерінің өндіріс көлемі шамамен 284 млрд. теңгені құрайтыны күтіліп отыр. Химия саласына шамамен 900 млрд. теңге инвестициялар тартылып, бюджет төлемдері 1,8-нан 5,8 млрд. теңгеге дейін көбейеді.
Бірінші бесжылдықта (2010-2014 жылдар) аймақта құны 123 млрд. теңгені құраған 33 инвестициялық жоба іске асырылған, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Екінші бесжылдықта жалпы сомасы 590 млрд. теңгені құрайтын, 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру шамаланып отырған 26 инвестициялық жоба іске асырылды.