Қазақстанда жасалған, қазақша атауы бар шай Ресей нарығында зор сұранысқа ие - Қ.Бишімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жасалған, қазақша атауы бар шай Ресей нарығында зор сұранысқа ие. Бұл туралы бүгін «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні еліміз күнбағыс майын, құрылыс материалдарын, құрғақ құрылыс қоспаларын, машина жасау құрал-жабдықтарын, шырындарды және басқа да өнімдерді сыртқы нарыққа шығарып отыр.

«Шайды да экспортқа шығарамыз. Шайды Ресейге экспортқа шығаратындығымызға мен де таңғалған едім. Ресейде де шай шығаратын түрлі фабрикалар бар. Қазақтарда, Қазақстанда шай ішу мәдениеті бар деген көзқарас қалыптасқан екен. Ең қызығы, Ресей нарығында бренді қазақша, атауы қазақша жазылған шайлар жақсы сатылады екен. Ал Қазақстанда үнді шайы танымалдыққа ие», - деді ол.

Сонымен қатар Қ.Бишімбаевтың атап өтуінше, бүгінде қытай елі Қазақстан өнімдерін тұтынатын нарықтардың ең үлкеніне айналған.

«Қытайда Қазақстан тауарлары дәмі жағынан, экологиялық тазалығы жағынан өте сапалы өнім саналады. Мәселен, Қазақстанда жасалған күнбағыс майы, шырындар, шай, кәмпиттер қытай дүкендері сөресіне түскен сәтте сатылып кетеді», - деді қор басшысы.

Соңғы жаңалықтар