ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: СҚО-да «Алекри» фирмасының құс фабрикасында 62 млн. жұмыртқа шығарды (ФОТО)
«Алекри» фирмасының құс фабрикасы - СҚО-ның заманауи кәсіпорындарының бірі. Соңғы бірнеше жылда мемлекеттің қолдауымен, яғни субсидия есебінен кәсіпорындағы жабдықтар толықтай жаңартылды. Тауықтарды ұстау үрдісі автоматтандырылды. Бүгін 6 өнеркәсіптік цехта 400 мыңнан астам голландиялық тұқымдас тауық бар. Соңғы жылдары жағдайдың жақсаруына байланысты өнімділік еселеп өсті. Яғни, айына 8 млн. дана жұмыртқа шығарылады.
«Біздің өнімді сатып алушылар қатарында тек қазақстандықтар ғана емес. Жыл басынан бастап құс фабрикасында 62 млн. жұмыртқа басып шығарылса, оның 15 пайызы Ресейге экспортталды. Сапасы жақсы. Бәсекелесе аламыз. Мемлекетке қолдау көрсеткені үшін рахмет айтамыз. Жыл сайын субсидия аламыз. Соның арқасында осындай деңгейге жеттік, өндірісімізді жаңарттық», - деді берген сұхбатында құс фабрикасының атқарушы директоры Л. Мухамедва.
Фабриканың ауқымды жоспарлары бар, биыл астаналықтармен бірлесіп құстың саңғырығын өңдейтін зауытты іске қосуды жоспарлаудамыз. Одан газ, электр энергиясын, тыңайтқыш өндіретін болады. Нысанды салуға кірістік. Күніне 50 тонна саңғырық өңдеуді жоспарлаудамыз.