07:56, 29 Шілде 2015 | GMT +5
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: СҚО-да «Атай СҚ» құс фабрикасы өндірістік қуатын үш есеге ұлғайтты (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда «Атай СҚ» құс фабрикасы жаңғыртудан кейін жылына 100 млн. астам дана жұмыртқа шығаруды жоспарлауда. Бұл туралы кәсіпорын құрылтайшысы Тимур Қожахметов хабарлады.

«Субсидия түрінде мемлекеттік қолдаудың арқасында біздің кәсіпорын даму үстінде. «Бизнестің жол картасы-2020» жобасының аясында біз фабриканы жаңғыртып, өндірісті жылына 106 млн. жұмыртқа шығаратындай етіп кеңейттік. 20 жаңа жұмыс орнын аштық. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін маңызды оқиға санаймын. Өндірісті кеңейту үшін және жаһандық нарықтарға сәйкес келетін сапаны қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдаймыз», - деді Т. Қожахметов.