Қазақстанда жауын жауып, күшті жел соғады - Қазгидромет

ТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - 23 қыркүйекте Қазақстанның көптеген аймақтарына циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы әсер етеді, жаңбыр жауады, жел күшейеді, тұман түседі. Республиканың батысында жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-22 м/с күшейеді. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында жел 15-22 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс, орталығы мен батысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар