Қазақстанда «Жеңістің 20 күні» атты ауқымды жастар акциясы басталды

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығы қарсаңында республикалық жастар ұйымдарының белсенділері «Жеңістің 20 күні» атты ауқымды патриоттық акцияны бастады.
None
None

Қазақстан жастары 20 күн бойы соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетуге уәде берді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстан жастар Конгресінің атқарушы директоры Шахмардан Байманов хабарлады.

Сондай-ақ жастар әрбір ардагерді алдағы мейрамымен құттықтай отырып, сыйлық тарту етпек және үй шаруашылығына да көмектеседі.

Акция Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар