Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен және халықтың осал топтарындағы балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша стратегия дайындалуда

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда балалар мен жастардың әл-ауқатын жақсарту саласында қызмет көрсететін екі ірі ұйым - ЮНИСЕФ және «БОТА» Қоры бірлесе отырып,
None
None

2011 жылдың сәуір айының соңынан мамыр айының ортасына дейін Алматы қаласында кеңес беру бойынша төрт кездесу өткізеді.

Осы кездесулердің мақсаты - тиімді әріптестікті дамыту және жастардың әлеуетін дамыту; балаларды ерте жастан дамыту және ана мен баланың денсаулығы; ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар және балалар мен жастардың мүддесін қорғау салаларында стратегияларды жүзеге асыру салаларында стартегияларды жүзеге асыру. Екі ұйым да КЕҰ-мен тұрақты түрде ынтымақтастықта қызмет атқарады, бірақ өз күштерін алғаш рет біріктіріп отыр.

Қазақстанда шамамен 150 000 баланың әлеуметтік жағдайы төмен болып есептеледі. Осы балалар мен олардың отбасылары сапалы білім, денсаулық сақтау және өзге маңызды әлеуметтік қызметтерге қолжеткізу жолында жиі мәселелерге жолығады. Республика бойынша жүздеген кәсіби КЕҰ-дар осындай балалар мен олардың отбасыларына қиындықтарды жеңіп, өмір жағдайларын жақсартуға көмектесу үшін әлеуметтік қызмет көрсетеді. Алайда, көбіне гранттың аяқталуымен КЕҰ-ның жұмысы да тоқтатылады. Осы ретте әлеуметтік жағдайы төмен әрі осал балалар мен жастарға әлеуметтік қызметтерді беру үдерісі үздіксіз және тұрақты болғаны өте маңызды. «БОТА» Қоры және ЮНИСЕФ кездесулерге қатысуғы жергілікті мемлекеттік мекемелер мен қызметтерді өз тәжірибесі мен білімімен бөлісуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар