Қазақстандағы банктердің жағдайы Ресейге қарағанда біршама тәуір - Қаржылық қадағалау агенттігі

Агенттік төрайымының пікірінше, елдегі банктерге байланысты қате пікір қалыптастырып отырған бір мәселе бар. Бізде банктердің жағдайына қатысты мәліметтер өте көп. Оны дұрыс сараптай білу қажет. «Өкінішке қарай, көптеген азаматтар тек жақсы жағынан көрсетілген біржақты ақпараттар негізінде өзгелердегі жағдай тәуір деп ойлайды. Ал шын мәнінде біздегі жағдай ешкімнен де кем емес. Біз тек барлық жағдайды барынша ашық, жариялы түрде көрсетуге тырысудамыз. Осы орайда айта кететін мәселе, егер біз елдегі қандай да бір банктің жағдайының мүшкіл екендігін сезе бастасақ, жеделдетіп тиісті шара қолданамыз. Ондай жағдайда біз тіпті тығырыққа тірелген банктің лицензиясын алып қоюға дейін барамыз. Бағымызға орай елімізде әзірге ондай шараларды қолдануды талап етіп отырған қаржы ұйымдары жоқ», деді агенттік төрайымы.