13:28, 20 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстандағы құқық қорғау институттарының қызметі - Павлодар мемлекеттік университетіндегі кездесу тақырыбы
ПАВЛОДАР. 20 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары бойынша комиссиясы хатшылығының меңгерушісі Тастемір Әбішев Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушыларын елдің құқық қорғау ұйымдарының қызметімен таныстырды, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
ПМУ-дегі Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу республикалық ақпараттық-насихаттау тобы жұмысының барысында өтті.
Кездесудің қатысушылары комиссияның дайындаған «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының 2011 жылдағы жағдайы туралы», «ҚР-дағы оралмандар, азаматтығы жоқ тұлғалар мен босқындар құқықтарының жағдайы туралы» баяндамаларымен танысып өтті.
Тастемір Әбішев студенттер мен оқытушылардың комиссияның құқық қорғау қызметі туралы сұрақтарына жауап берді.