Қазақстандағы күнкөріс деңгейі ең төмен өңір анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ең төмен күнкөріс деңгейі Жамбыл облысында (20 581 теңге) тіркелді. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
None
None

Есептегі мәліметтерге сәйкес, ең төмен күнкөрістің жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (28 785 теңге) 2015 жылдың соңына қарай 117% өскені байқалады. Одан кейінгі орында ең төменгі күнкөріс деңгейі 27 435 және 25 858 теңге болатын Астана мен Алматы тұр, 2015 жылдың соңына қарай,  Астанадағы өсу индексі +121,4% болған. Шығыс Қазақстан, Атырау және Алматы облыстарындағы төменгі күнкөрістің орташа деңгейі анықталған (23 422 теңге). 

Ең жоғарғы өсу индексі - Солтүстік Қазақстан облысы (+122,3%).

Шілде айында Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс көлемі 23 191 теңгені құрады.

2016 жылдың қыркүйек айында Қазақстандағы тұтыну бағаларының индексі өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 116,6% болған. 

Жыл басынан бері бұл көрсеткіш тұрақты өсім көрсетіп тұр. Ең жоғарғы баға өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар санатында байқалады - 6,8%, азық-түлік тауарлары 4,9% қымбаттаған, тұтыну тауарлары - 5,6%, ақылы қызметтер - 5,3%.

2015-2016 жылдар динамикасына сәйкес, азық-түлік себетінің үлесі 60%-ды құрайды, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтерге 40% келеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсу серпінін де атап өткен жөн: 2016 жылы қыркүйек айының соңында 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өскен. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 19 800 теңге болған 2015 жылдың соңында да дәл осындай өсім тіркелген. Бұл 2016 жылдың алғашқы жартысындағы ең жоғарғы көрсеткіш, себебі 2015 жылдың қорытындысы бойынша, қаңтар-мамыр айларындағы өсім 2-4% шамасында ғана болған еді. 

Соңғы жаңалықтар