Қазақстандағы мемлекеттік қызмет реформаларын қолдау Еуроодақ үшін басым бағыт - ЕО өкілі А.Бушез
«Еуропалық Одақ Қазақстанның ұзақмерзімді әріптесі болып табылады: Біз биыл Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 20-жылдығын атап өткен болатынбыз. Осы жылдар ішінде біз Қазақстанға техникалық көмектер көрсетіп, сараптамалар жасауда жәрдемдестік, тәжірибе алмасып, көптеген секторлар бойынша мығым әріптестерге айналдық. Осылайша, 20-жылдық ынтымақтастықтың нәтижесінде Еуроодақ үшін Қазақстанның мемлекеттік қызмет секторын реформалауға қолдау көрсету ынтымақтастықтың басым бағытына айналды. Осы бағытқа Еуропалық Одақпен 10 млн. еуро бөлінген болатын», - деді А.Бушез.
Оның айтуынша, Еуроодақ тиімділікке, заманауи корпоративтік басқару қағидаттарына негізделген, сондай-ақ қоғам алдында ашық әрі есеп бере жұмыс істейтін мемлекеттік қызметті дамытуды жан-жақты қолдайды.