Қазақстандағы сақтандыру ұйымдарының активі қаңтарда 403,6 млрд. теңгеге жетті

Оның 46,5 млрд. теңгесі «Еуразия» СК» АҚ-ның еншісінде. Қазақстандық сектор бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақысы мөлшері былтырғы жылмен салыстырғанда 17,4% артып, 24,8 млрд. теңгеге жетті. Нарықтың 34,6%-ын иеленіп отырған «Еуразия» СК қаңтар айының қорытындысы бойынша 8,6 млрд. теңге көлемінде сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақысын жинады.
Аталған уақыт аралығында компания сақтандыру/қайта сақтандыру келісімшарттары бойынша 1,2 млрд. теңге төледі. Жалпы нарық бойынша төленген сыйақы мөлшері 4,5 млрд. теңге. Ал компания активі өткен жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға артып, 72,2 млрд теңгеге жетіп жығылды. 1 ақпанда «Еуразия» СК-ның төленген жарғылық капиталы 37,4 млрд теңгені құрады. Бұл Қазақстандағы барлық сақтандыру компанияларының жалпы жарғылық капиталының 40,4 пайызын құрайды.
Компания қаңтар айында резидент емес тұлғалардан 1,7 млрд. теңге көлемінде қайта сақтандыру сыйақысын төледі. Бұл нарықтағы компаниялар жинақтаған жалпы сыйақы көлемінің 84,5 пайызы. Бүгінде «Еуразия» отандық сақтандыру қызметін экспортқа шығарып, елге валюта табысын тартатын ұлттық қайта сақтандырушыға айналды.