Қазақстандағы Швейцария мен Францияның Елшіліктері қысқамерзімді визалар беру саласында елшіліктер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Еліміздегі Швейцария мен Францияның Елшіліктері қысқамерзімді визалар беру саласындағы елшіліктер арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында  аталған ведомствоның Консулдық қызмет департаментінің директоры Рысқали Дәуренбек мәлім етті.
None
None

«Қазақстан азаматтарының сыртқа жиі шығуына байланысты виза алу мәселесі өте күрделі жайтқа айналуда. Осыған байланысты Франция мен Швейцария елшілігі бірлесіп, бір келісімшартқа қол қойды. Нәтижесінде Франция мен Швейцария тарабы Қазақстанның азаматтарына өздерінің консулдық қызметтері арқылы виза беруде жеңілдік жасап отыр», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі кезде Қазақстан Еуроодақпен тек дипломатиялық немесе қызметтік төлқұжаттардың иелеріне ғана емес, сонымен қатар жалпы қазақстандықтардың сол елдерге бару үшін виза алу мәселесін жеңілдету жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

«Шарттың жобалары дайындалуда. Егерде Еуроодаққа кіретін мемлекеттер толығымен осы Қазақстан Республикасының ұсынысын қолдайтын болса, онда болашақта біздің азаматтардың ешқандай кедергісіз Еуроодақ елдеріне баруына мүмкіншілік туады», - деді ол.

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан-Шарль Бертонэнің айтуынша, 3 қазаннан бастап Астанадағы Швейцария елшілігі республиканың солтүстік, шығыс және батысының азаматтарына елордадан, ал оңтүстік тұрғындарына Алматыдағы бас консулдықтан виза бере бастайды.

Соңғы жаңалықтар