Қазақстандық волейболшылар Таиланд командасын жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Волейболдан Қазақстан ерлер командасы Бахрейнде өтіп жатқан шақырту кубогында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстандық волейболшылар Таиланд командасын жеңді
Фото: olympic.kz

Біздің волейболшылар Таиланд құрамасымен кездесті. Тартысты матчта 3:2 есебімен (25-21, 22-25, 25-23, 19-25, 15-13) қазақстандық волейболшылар жеңіске жетті.

Айта кетелік, турнирдегі бірінші ойында Қазақстан 0:3 есебімен Пәкістанға жол берген болатын.

Соңғы жаңалықтар