Қазақстандық әскери ұшқыштар шетелдік әріптестерінің тәжірибелерін игеруде

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Әуе қорғанысы күштері құрылымдары мен бөлімдерінің командалық құрамының әскери-ғылыми конференциясы өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Әскери-ғылыми конференцияның басты мақсаты шетелдердегі авиацияның қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда пайдаланылуына талдау жасау және ұшу құрамын қалалық жағдайда ұрыс жүргізуге дайындауға бейімдеу болып табылады.

Кез келген жағдайда Әскери-әуе күштері ұрыс қимылдарын жүргізіп, өз тапсырмаларын табысты орындау үшін авиацияны жан-жақты қамтамасыз ету маңызды роль атқарады. Авиацияның жоғары жауынгерлік мүмкіндігінің кілті - оның заманауи техникалық құралдармен жабдықталуында.

Конференция барысында басты назар ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының мүмкіндігіне аударылды. Оны қолдану қала ауқымындағы жағдайды орнықты әрі үзбей мониторингілеуге және жеке құрамға қауіп-қатер төндірмеуге мүмкіндік жасайды. Қарулы Күштерді ең жақсы өніммен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан сарапшылары әлемнің алдыңғы қатарлы елдері шығарған ұшу аппаратының техникалық мүмкіндіктерімен танысу жұмыстарын жүзеге асыруда. Іздеу мен таңдау мүмкіндігін 2010 жылдан бастап өткізілген «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі кеңейте түсті.

Әскери-ғылыми конференция жұмысының қорытындысы бойынша ұшу құрамын жоғары дәлдікті қаруды пайдалана білуге дайындаудың және қалалық жағдайда ұрыс қимылдарын жүргізудің шетелдік тәжірибесін оқып-үйренудің маңыздылығы аталып өтті. Конференцияға қатысушылар ұрыс барысында Әскери-әуе күштерінің құрылымдары мен бөлімдерін басқару тетіктерін және авиацияның әскер түрлерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру сұрақтарын егжей-тегжейлі қарастырды.

Соңғы жаңалықтар