Қазақстандық әуе компаниялары жаңа ұшақтарды өз бағасына сатып ала алады

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қараша айында ресми түрде Кейптаун тізіміне, нақтырақ айтқанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) секторында қарастырылған заманауи әуе кемелерін сатып алуда арзандатылған экспорттық-несиелік қаржыландыру құқығына ие елдердің тізіміне енгізілді. Бұл жайында ҚР ККМ баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

Бұған Қазақстан Республикасының жылжымалы жабдықтарға қатысты халықаралық кепілдемелер жөніндегі Конвенцияны және авиациялық жабдықтарға қатысты Хаттаманы ратификациялау нәтижесінде қол жеткізілді. Кейптаундық конвенция жөніндегі заң жобасын ратификациялау туралы ұсынысты ағымдағы жылдың шілде айында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жасаған болатын.

Енді жылжымалы әуе жабдықтарын сатып алу жөніндегі қазақстандық шарттар халықаралық тізілімде тіркеліп, халықаралық кепілдемемен қамтамасыз етіледі. Осыған орай, отандық әуе компаниялары үшін қымбат авиациялық жобаларды қаржыландыру жүйесі жеңілдей түсіп, лизингтік және несиелік операциялар бойынша тәуекелдің деңгейі төмендейді.

Аталған Конвенцияны ратификациялау нәтижесінде қазақстандық әуекомпаниялар авиациялық жабдықтарды өндіруші зауыттан тікелей сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан жылжымалы жабдықтарға қатысты халықаралық кепілдіктер жөніндегі Конвенцияға 2009 жылғы 1 мамырда қосылды. Конвенция 2001 жылғы 16 қарашада Кейптаунда қабылданды. Бұған қосымша авиациялық жабдықтарға сәйкестендірілген жылжымалы жабдықтарға қатысты халықаралық кепілдемелер жөніндегі Хаттама әзірленді. Құжаттар Жеке құқықты үйлестіру жөніндегі халықаралық институт пен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) қамқорлығымен әзірленді. Бүгінгі күні аталған Конвенцияға 60 ел қосылған солардың қатарында Қазақстан да бар.

Соңғы жаңалықтар